среда, 2 сентября 2015 г.

Орталықтандырылған кітапханалар   жүйесі  КММ-сі

                        С.Сейфуллин атындағы кітапхана      
                                                                            
Ақпараттық-библиографиялық  бөлім




                             (Қазақстан Республикасының                                                Конституциясына-20 жыл )
       

Экскурсия шолу









                          
                                                              

                                                                              Конституция-біртұтас бүкіл
                                                                                       Халық еркінің шығармасы
                                                                                               Назарбаев Н.
            
       Қазақстан Конституция-бұл заң
                              Мәтінінде жүзеге асқан жалпыұлттық идея
                                                                                            Назарбаев Н.
  
      Конституция күні- біздің мемлекетіміздің,  халқымыздың ең ұлық мерекелерінің бірі. Конституция мызғымас мемлекетіміздің алтын қазығы, бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің бұлжымас бағдары, кемел келешегіміздің кепілі!
      Ата – бабаларымыз аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізіп, елбасымыздың салихалы саясатының арқасында әлем халқын мойындатқан Егемендігі еңселі, Тәуелсіздігі тұғырлы , саяси тұрақтылығы орныққан көп ұлтты мемлекетке айналдық. Осы мерекеге орай С.Сейфуллин атындағы кітапханасы сіздердің назарларыңызға  «Тәуелсіз елдің тұғыры - Ата Заң» атты кітап көрмесін ұсынамыз.
  Көрменің мақсаты:  Қонақтардың Отанға деген сүйіспеншілігін оята отырып, елжандылыққа , патриоттық сезімінге  тәрбиелеу  және те сіздердің   назарларыңызға келесі  кітаптарды ұсынамын:
    1.Қазақтың   ата заңдары:Құжаттар, деректер,  зерттеулер.10-томдық.-Алматы: Жеті жарғы, Т.4.-2005.-552 бет.
        ІV томда Қазақ әдеп-ғұрып құқығының ескерткіштері: Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, Жеті жарғы олардың  тізім мен нұсқалары беріліп отыр. Бұл кітап қазақ қоғамының тарихын, құқығын, шешендік билер дәстүрі мен рухани мұраларын зерттеуші ғалымдарға,мұғалімдерге, жоғары оқу орындарының студентеріне, қазақ тарихын сүйіп оқитын көпшілк қауымға арналған.

   2.Қазақстан Республикасының Конституциясы:   Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы №254 –ІІІ Заңымен өзгертулер мен толықтырулар енгізілген ресми мәтін. –Алматы: Жеті жарғы, 2007.-136 бет.
      Бұл құжат 1995 жылғы 30 тамызда өткізілген республикалық референдумда қабылданды. Биыл, Қазақстан Конституциясына-20 жыл. Конституция ерекше заң болып табылады. Яғни, кез келген мемлекеттің ең басты заңы Конституция. Азаматтардың медициналық көмек алуына, мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Ал орта білім алу Конституция бойынша міндетті деп табылған.



   3.Назарбаев Н. Мәңгілік ел. Ғасырға бергісіз жылдар.-Астана:Деловой мир, 2014.-368 бет., суретті.

        Қазақстан Республикасының  Президенті Назарбаевтың  «Мәңгілік ел, ғасырға бергісіз жылдар» атты жаңа кітабы Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріне арналған. Әрбір бөлімде мемлекет пен қоғамның: экономиканың, ішкі және сыртқы саясат табысты дамуы тәуелсіздік алған сәттен бастап бүгінге дейінгі статистикалық мәліметтер замануи инфографика жанрында ұсынылған жан-жақты қамтыған  тұңғыш кітап.
       4.Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу тарихы.Альбом-кітап.- Астана: ЖШС «Литера - М»,  2012.-176 бет.
     Кітапта ұлттық құндылықтар мен қағидалар дәріптелген. Егемен Қазақстанның нышандарды: Елтаңба, Ту, Әнұранның тарихи даму ерекшеліктері, тәуелсіз мемлекеттің философиясы мен ой-санасы, қазақ халқының сан ғасырлық арман-мұраты көрініс береді.
         5.Қопабаев Ө. Ата заң-мемлекет дамуының іргетасы.Алматы:Алатау, 2012.-576-бет.
         Бұл кітапта заң ғылымдарының докторы, профессор Өмірәлі Қопабаевтың  көпжылдық ғылыми еңбектері, тарихи тақырыпқа арналған зерттеулері , кешегі кемеңгер бабалырымыздың өмірлік ұстанымы, адам мен заман, ұлт пен қоғам, тарихи құндылықтары  енгізіліп отыр.
      6.Артықбаев Ж.О. «Жеті жарғы» – мемлекет және құқық ескерткіші.-Алматы:Жеті жарғы, 2012.-192 бет.
        Бұл кітап қазақ мемлекеттілігі мен құқықтық жүйелерінің   дамуында ерекше орын алатын «Жеті жарғы» -ескерткішіне арналған.  Автор тарихи – этнографиялық деректерді пайдалана отырып,  қазақ  мемлекетінің хандық дәуіріндегі басқару жүйесі, әдет – ғұрып заңдары мен ережелерін жинақтаған. Кітап оқырман қауымға, гуманитарлық мамандықтарда оқитын студенттерге арнаған.
         Тұрақтылыққа,Отанымыздың басты байлығы – тыныштық пен бейбіт өмірге Конституцияның негізінде қол жеткіздік. Осыны түсіне білуіміз қажет. Ата Заңмен өмір сүру – демократияның жарқын көрінісі.
       Әрбір қазақстандық азамат біздің Конституциямызда жария етілген демократиялы құндылықтардың сақталуына жауапты. Әрбір азаматы өзін тең сезінетін, татулығы жарасқан қазақ елінің, Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі-өнегеге айналды. Мұның өзі біздің Ата Заңымызда бүкіладамзаттық құндылықтар мен өркениеттік игіліктердің қамтылғанын айғақтайды. Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет.!

вторник, 16 июня 2015 г.











                                                       Құрметті оқырман! 

Жезқазған қаласының С.Сейфуллин атындағы кітапханасында «Ұлытау кітапханасы» сериясымен шыққан әдебиеттерді насихаттау   аясында көптеген іс-шаралар өткізуде. Жалпы осы сериямен 2012 жылдан бастап жергілікті ақын-жазушылар мен   қоғам қайраткерлердің, журналист-қаламгерлердің туындылары жарыққа  шықты. Сіздердің назарларыңызға  кітапханаға берілген  әдебиеттерге библиографиялық  дайджест  ұсынып отырмыз.

Бұл жинақтар  Жезқазған қаласы әкімдігінің тапсырмасымен «Ұлытау кітапханасы» сериясы бойынша жарық көріп отыр.

Акцияның мақсаты: «Ұлытау кітапханасы» арқылы оқу мәдениетін дамыту және қолдау, тарихи-мәдени және рухани құндылықтарды сақтау, жастар мен қалың жұртшылық арасында ең үздік өлкелік әдеби туындыларды кеңінен насихаттау мақсатында жыл сайын «Бір өлке – бір кітап» акциясын өткізу.
    Міндеті:
Жыл сайын «Ұлытау кітапханасынан» шыққан өлкедегі ең үздік туындыны, жергілікті ақын-жазушы, қоғам қайраткерлерінің  шығармасын насихаттау, жастардың отандық әдебиетке, классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген сүйіспеншілігін ояту, олардың оқу мәдениетін қалыптастырып, жетілдіру.
Аймақ көлеміндегі мемлекет және қоғам қайраткерлерін, ғалымдарды, оқу ісіне қатысы бар басқа да мамандарды оқу мәселесін ілгерілетуге тарту.

1.   Автор жайлы : Әбенова Зәбира Тайқызы – Қазақ КСР-іне еңбегі сіңген дәрігер, КСРО Денсаулық сақтау ісінің үздігі, Жезқазған қаласының  Құрметті азаматы.
     
  Әбенова З. Құйынды  жылдардың  құрбаны: Мақалалар мен     естеліктер жинағы.-Қарағанды. Экожан, 2013.-173 бет.
      Кешегі зобалаңы көп жылдардың құрбаны болған Зияда Әбенұлы Әбенов жайлы қолда бар деректер мен естеліктерді осы жинақтан оқи аласыздар. Жинақтың авторы - Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері, Жезқазған қаласының Құрметті азаматы, Зияда Әбеновтың немере туысы Зәбира Тайқызы Әбенова. Автор қолына түскен мұрағат деректерін, ата-анасынан, Зияданы көзі көргендерден естіген әңгімелерді кітап арқауы етеді. Жинақтың төртінші бөлімінде З.Әбенов жайлы әр жылдарда жазылған басқа авторлардың мақалалары мен өлеңдері топтастырылды.                                           Кітап жалпы оқырманға арналған.

 2. Автор жайлы : Әлібек Әбдіраш , Қазақстан Журналистер одағы                                 сыйлығының лауреаты, журналист.
    
Әбдіраш Ә. "Елу бестің" еншісі: Мақалалар мен очерктер,деректі және сықақ әңгімелер.- Қарағанды: Экожан, 2013.- 255 бет.
     Бұдан бұрын оқырмандарға «Имандылық жолында», «Ата жолы», «Мысты өңірдің өрендері» және «Денсаулық күзетінде» атты кітаптар ұсынылған.  Қазақстан Журналистер одағының иегері Әлібек Әбдіраш бұл жолғы жинағына әр жылдары жазылған мақалар мен очерктерін, деректі және сықақ әңгімелерін топтастырыпты. «Көсемсөз көжиегі», «Толғандырылған тақырыптар» , «Өндіріспен өзектес» , «Тарихта қалған тұлғалар» атты бөлімдерінде нақты деректер төңірегінде дәйекті ой қозғайды. «Тәлкекке тұскен тағдырлар» бөлімінің  тіні – қуғын-сүргін сұрапылының сүренсіз сұлбасы мен Ұлы Отан соғысы кезіндегі тылдың тыныс тіршілігі.  Денсаулық сақтау саласына еңбегі сіңген азаматтар туралы туындылар «Әқ желенді азаматтар» бөліміне топтастырылған. «Өмірдің өзі» деп аты айтып тұрғандай, 7 бөліміндегі шығармаларға шынайы өмірде болған  жағдайдар желі болып тартылған. «Әзіліміз жарасса...» бөліміндігі сықақ әңгімелер де өмірден алынғаны аңғарылып тұрады. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.

     3. Автор жайлы : Әлеуханұлы  Базарбай журналист, ақын, сатирик                         Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

Әлеуханұлы Базарбай, Қолымда менің қалам бар: Өлеңдер, жолжазбалар.- Қарағанды: Экожан, 2013.- 208 бет.
         Бұл-журналист, ақын, сатирик, Базарбай Әлеуханұлының жарық көрген тұңғыш жинағы. Жинаққа қаламгердің әр жылдарда  жазған, республикалық, облыстық, қалалық басылым беттерінде жарияланған шығармалары еніп отыр. Ақынның өлеңдерінде Уақыт, Кеңістік, Қоғам аясында болып жатқан қым-қуыт оқиғаларға деген азаматтық көзқарас аңғарылады. Уақыт мінберінен сөз алған ақын ақ-қараның, жақсы-жаманның жарысы болып жатқан Өмір алаңына өз биігінен қарайды, өз бағасын береді. Оның туған жер, ел, достық, ғашықтық сырлар жайлы жазылған жырлары да бей-жай қалдырмайды. Оқырманына айтар өз ойы бар. Автор жинаққа бір жолжазбасын енгізді. Бұл автордың әр түрлі жанрдағы мүмкіндігін танытады. Жинақ жалпы оқырманға арналған.

    4.  Автор жайлы : Әбілқасен  Әмірәлин (1912-1991) белгілі жазушы,  журналист.
Әмірәлин Ә. Арқада туған алып: Очерктер, мақалалар, өлеңдер / Ә. Әмірәлин.- Қарағанды: Арко, 2011.- 278 б.- (Ұлытау кітапханасы).
     «Арқада туған алып» атты еңбегі туралы бірер сөз.Сонау 1981 жылы 7000 данамен жарық көрген кенді өлкенің   өндірісті тарихы жайындағы «Арқада туған алып», міне,   бүгінгі таңда қайта басылып шығып отыр. Мақсаты –  әлі де тың, үлкен сұранысқа ие, көпшіліктің  қажетіне  жарап  келе жатқан, сөзсіз, жарай берер бұл еңбектің ғұмырын  ұзарту, оған деген қолжетімділікті  кеңейте түсу. Сонымен  қатар, кітап бірқатар жеке   тұлғалар туралы мәліметтермен,  кітап авторы туралы естеліктермен толықтырылып берілгені біздің    – кітапхана саласы мамандарының қуанышын еселеп отыр.
Жинаққа қаламгер Әбілқасен Әміралиннің 1981 жылы жеке кітап болып жарық көрген тарихи-публицистикалық очеркі мен әр жылдарда баспасөз бетін көрген шығармалары енді. Қаламгердің қойын дәптерінде жазылып қалған өлеңдер, үшпу хаттары  мен  қолтаңбалары, айтыстарын да осы жинақтан табасыз. Автордың алғашқы кітабы жайлы жазылған сын пікірлер де топтастырылып берілді.
      Қаламгер шығармаларының алтын арқауы – Жезқазған, Қарсақбай, Жезді, ондағы өндірісті өмір тынысы мен еңбек адамдарының тағдыры.  Жинақ қаламгердің туғанына 100 жыл толу тойы қарсаңында жарық көріп отыр.  Жинақ көпшілікке арналған.

  5.  Құрастырушы  жайлы :Өмірбек Мұқанұлы –Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген дәрігері, еңбек ардагері, медицина ғылымдарының кандидиаты, Жезқазған қаласының Құрметті азаматы.

Бабалар тағылымы:Қазақ халқының салт-дәстүрлері, әдет-ғұрпы, ырым-жоралғысы мен таным-түйсігі.-Құрастырып, алғысөзін жазған Ө.Мұқанұлы.-Қарағанды: АРКО, 2012.-203 бет.
       Бұл жинаққа халқымыздың салт-дәстүрі, әдеп-ғұрпы,ырым-жоралғысы мен таным-түйсігі, дүниетанымы жайлы құнды дүниелер мен мәліметтер енгізілген.  Әрине, ғасырлар, дәуірлер бойы жасалған ұшан-теңіз игіліктің бәрі қамтылды десек-ағаттық. Алайда ұрпақ тәрбиесіне қажетті немесе бабалар танымын аңғартатын маңызы жойылмаған құндылықтардың біразын осы жинақтан табуға болады.
      Жинаққа енгізілген дүниелер құрастырушының жылдар бойғы тынымсыз еңбегін аңғарасыз. Жинақ – қалың оқырман үшін, тәрбиешілер мен мұғалымдер үшін, жас өлкетанушылар үшін қажетті еңбек.

6. Автор жайлы: Людмила Барламова –поэтесса, бард, композитор,; Татьяна Вед – художник по образованию, поэтесса, бард.
     
 Барламова Л., Исповедь души: Стихотворения .- Караганда: Арко, 2012.- 323 стр.
      «Исповедь души» - книга в которой многие читатели найдут строки о себе, о своих переживаниях,и мечтах и иллюзиях.  В нее вошли лирические стихи разных лет двух авторов, двух женщин, двух подруг. Их стихи такие разные. У каждой из них  свой путь, свое восприятие мира. Каждая из них пишет о любви, счастье, верности, дружбе и доверии, о красоте  родного  края по-своему . Они похожи только в одном – строки, идущие из глубины души, повествуют о самом сокровенном, поражая  своей трепеностью и особой мелодикой. Их открытость порой шокирует, а порою восхищает. И объединяет этих двух, таких разных женщин их великая любовь  к Поэзии.

 7.Автор жайлы:  Еңсебаев Көбейсін - Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі,  Қазақстан журналистер Одағы  сыйлығының лауреаты,  Жезқазған қаласының Құрметті азаматы.

 Еңсебаев К, Жезбұлақ .- Қарағанды: Арко, 2011.- 265 б.
Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Көбейсін Еңсебаевтың Қарсақбай, Жезқазған, Ұлытау аймағының еңбек адамдары жайлы әр жылдары жазған очерктерінің бұл жинағы қалың оқырман қауымға арналған. Кітаптың «Жезбұлақ» аты айтып тұрғандай, онда негізінен мыс балқытып, кен қазған қарапайым адамдардың қажырлы еңбегі жан-жақты суреттелген.




8.Құрастырушы  жайлы : Қожамсейітов Сағындық  журналист, қоғам қайраткері, мұрағатшы.

 Намыстан жаралған халықпыз: Құжаттар, очерктер, мақалалар.- Қарағанды: Арко, 2011.- 238 б.
Бұл кітапта 1986 жылғы ызғарлы желтоқсан күндері Алматының орталық  алаңында коммунистік партия мен совет мемлекетінің саясатына қарсы студенттердің бас көтерілулері мен оларды қолдаған жастардың еліміздегі қалалары мен кенттердегі іс-әрекеті туралы баяндалады. Жалпы бұған себеп болған 16 желтоқсанда өткен V Пленумының шешімдері болса да  жастар қозғалысының тамыр тереңде  қызыл  империяның тоталитарлық саяси-әлеуметтік, әкімгерлік жүйесінде жатыр еді. Мұны Жезқазған қаласы  мемлекеттік мұрағатының қорынан алынған құжаттар, орталық  және жергілікті  газеттерде жарияланған қаулы-қарарлар,  мақалалар, хабарлар,  желтоқсаншылардың ой-пікірлері дәлелдейді.
Кітап Желтоқсан оқиғасының 25 жылдығына орай жарық көріп отыр.  Кітап оқушыларға,студенттерге, жастарға, өлке тарихына қызығушылық білдірген жалпы көпшілікке арналған.

9. Автор жайлы:  Шоқан Оспанбеков-тыл және еңбек ардагері, ардагер ұстаз, Ұлытау ауданының Құрметті азаматы.
     
 Оспанбеков Ш. Терісаққанның басы- “Желдіадыр”.Мақалалар мен естеліктер  жинағы.-Қарағанды:ЭКОЖАН ӨК, 2013.-204 б.  
     Бұл жинақ-автордың тырнақалды кітабы. Бұған дейін жергілікті басылымдарда оның әртүрлі тақырыптарға арналған мақалалары, естеліктері, өлеңдері жарияланып жүрген. Жинаққа таңдаулы деген туындылары іріктеліп, енгізілді.   Кітапқа енген мақала, естеліктердің арқауы-Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы қиыншылықтар, ауыртпашылығы мол кезеңдегі адамдар тағдыры, сондай-ақ Ұлытау –Жезқазған аймағының  жер-су атауларының тарихы, өлке шежіресі, еңбек  адамдарының ерлігі, Автор көзкөргендерін, айтулы адамдардың замандастарының аузынан естігендерін қаз қалпында жеткізуге талпынған.  Кітап жалпы оқырманға арналған.

  10 . Автор жайлы : Амандық Рахұлы  Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, журналист.
            
Рахұлы А, Тарпаң тірлік: Зерттеу мақалалар, очерктер, өлеңдер.- Қарағанды: Арко, 2012.- 202 бет.
        Қазақстан журналистер одағының мүшесі Амандық Рахұлының бұл жинағына шығармашылық жолындағы ойтолғаулары, портреттік мақалалары мен очерктері топтастырылған. Жезқазған – Ұлытау аймағының айтулы адамдары мен өңірдің тарихы, Тәуелсіздік тұсындағы өркендеудің нақты дәйектермен көркем баяндалады. Бұған дейін екі томдық «Боздақтар» кітабы мен «Жезқазған» энциклопедиялық анықтамалығын  құрастыруға қатысқан автордың бұл кітабын өмір ұстанымы, мамандыққа адалдық туралы  ой-тұжырымдардың  тоғысуы деп бағалауға болады. «Жастық шақ жырлары» бөлімінде бір топ өлеңдері берілсе, соңғы бөлімде әріптестерінің қаламгер жөніндегі әр жылдардағы жазылған ізгі ниет, ыстық ықыласқа толы туындылары топтастырылып отыр. Кітап көпшілік қауымға арналған.

11. Автор жайлы : Смағұл Сара -  Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, журналист, Қазақстан журналистерінің «Жүректен жүрекке» ұлттық байқауының жеңімпазы.

Смағұл С, Жанарымда жаз күліп: Өлеңдер, балладалар, әңгімелер мен естеліктер.- Қарағанды: Арко, 2011.- 304 б.
Бұл ақынның екінші жинағы. Жинаққа қаламгердің әр жылдарда жазылған өлеңдері, әңгімелері мен естеліктері енгізілді.  Шығармаларының алтын арқауы, өзегі – өмір, адамдар тағдыры, ақ пен қараның тартысы.  Ұлытау-Жезқазған өңіріндегі өндірісті өмір тынысы мен еңбек  адамдарының, өнер тарландарының тағдырын сөз ететін естелік-әңгімелерді де осы жинақтан табасыз. Жинақ көпшілікке арналған.


   12.Автор жайлы.  Қойшыбек Тоқтамысұлы – Ұлы Отан                                                         соғысының ардагері, жазушы.
  
Тоқтамысұлы Қ. Осы жұрт қазақты біле ме екен?: Мақалалар, ойтолғаулар,деректер мен өлеңдер жинағы.- Қарағанды: Арко, 2012.- 240 бет.
Бұл жинаққа енгізілген дүниелерде автор «ел қамын жеген Едігеше»  ой толғайды,  ұлт болашағына, тіл  тағдырына  жаны ауырады. Ұлытаудың қадыр – қасиетін алға тартады. Қоғамдағы ұлы істердің аражігін Ұлытау тарихымен байланыстырып қарайды, адамдарды қасиетті мекен өнегесімен бой түзетуге шақырады.
Көсемсөздерінің қай-қайсы болсын рух көтерерлік терең ойға, ғибратқа толы. Жас ұрпақтың елін, Отанын сүюге үндейтін шығармалар жалпы оқу, зейінді оқырмандарға арналған.




Жыр жауһары жауғанда

(Кітап көрмесіне шолу)
Оқырман қауым !

      «Жас толқын»  жобасы  Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат Министрлігінің бастамасы бойынша 2008 жылдан бастап қолға алынды. Мемлекеттік шара талантты жас ақындарға, ерекше  шабыт сыйлап, халқы­мыздың игілігі үшін жарқын туындылар жазуға жігерлейді.  «Жас толқын» сериясының «Жалын» баспасынан жас ақындардың   кітаптары  жарық  көрді.
Жас ақындарды қолдау барысында Қарағандының 80 жылдығына арналған  өлеңдер мен прозалар жинақталған  «Өр үмітті жастар» атты кітап Қарағанды ЖШС «Қарағанды полиграфиясы» баспасынан басылып шықты.
     Осы кітапқа Жезқазған қаласының да жас 5 талантты оқырмандарының  шығармашылық туындылары енді. Олар: Маннап Дархан  Нұрланұлы – Жезқазған медициналық колледждің  студенті, Медетова  Диана Медетқызы – №8 қазақ гимназиясының оқушысы, Мұханбетрахым  Айдана  Еркінқызы -  №8 қазақ гимназиясының оқушысы, Сәбитова  Іңкәр Жұмағалиқызы - №8 қазақ гимназиясының оқушысы, Тұрсынов Бахтияр Төлеуұлы – Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейінің оқушысы, Серова  Александра  Витальевна -  №26  гимназиясының оқушысы.
Осы кітаптың  тұсаукесер  іс-шарасының  аясында  С.Сейфуллин атындағы кітапханада «Жыр жауһары жауғанда...»  атты  кітап көрмесі  ұйымдыстырылды.
     Көрменің мақсаты: Жергілікті және жас ақындардың кітаптарын дер кезінде оқырман қолына жеткізіп, насихаттау, жастардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру, «Жас толқын» топтамасымен  кітапханаға  келіп түскен әдебитетермен таныстыру.
    Көрме 2 бөлімнен тұрады:  1-ші  бөлімде жергілікті Жезқазған ақындарының жыр жинақтары мен  мерзімді басылым   беттерінде  жарияланған өлеңдері  қойылды. Олар аға буын ақын - Ғазиз Ештанаевтың «Дүние-дүрмек», орта буын ақын - Бағдат Байжантаевтың «Көңілімнің кәусары» және  ару қыздарымыздың «Кеңгірдің кербез толқыны» атты жинақтары қойылды.
 Олар:. Үміткүл Трайсова, Алмагүл Үмбетова, Гүлжауһар Әуезова т.б өлеңдері  жинақталған.
 Көрменің 2-ші бөліміне « Жас толқын» сериясынан шыққан кітаптар  қойылды.


     «Мен жастарға сенемін» деп арысымыз Мағжан Жұмабаев айтқандай, тәуелсіз еліміздің  жастары осы сөзге лайық болып келеді.
        Назарларыңызға  3 томдық  жас  толқын, жас ақындар антологиясы. Бұл жинақтарда жас ақындардың өлеңдері топтастырылған. Жас ақындардың  көбісі  Республикалық  жыр-мүшәйра  жүлдегерлері. Ақындардың   жүрегінен жарып шыққан жырларының  тақырыбы өмір-қоғам, достық, табиғат, ата-анаға баланың перзенттік парызы,  махаббат.
    Ақиық ақын Мұқағали «Поэзия  махабатпен  басталып, парасатпен аяқталады», дегендей, ақындардың өлеңдерінде махаббат лирикасы басымдау.
                                            Айдағы періште ,
                                           Мен саған ғашықпын.
                                           Мұнымды ұғын,
                             Махаббаттың  ашамын шымылдығын –
                            Сен болмасаң сырымды түсінер кім?!

  – бұл Жандарбек  Жұманның  «Өлең ғұмыр»  кітабындағы «Айдағы періште» өлеңінен үзінді.(Алматы, Жазушы баспасын, 2012 ж) «Жас толқын» сериясынан жарық көрді. Мақпал Мыса «Мен керекпін» , Назира Бердалы «Сүйген жүрек» деген өлеңдері бар.   Бұл ақындардың өлеңдері  мөп-мөлдір сезімге толы қызығып оқимын десеңіздер кітапхана  қорынан  таба  аласыздар.
      Жас ақындардың  ауыл тақырыбына да арнап жазған өлеңдері баршылық. Осы тақырыпты жырға қосқан  жас ақын Ринат Қайыртайұлының «Алматы» қаласының Жалын баспасынан, 2011 жылы 136 бетпен жарық көрген – «Біздің ауыл кітабы». Жинаққа ақынның оқушы, студенттік жылдардағы өлеңдері енгізіліп отыр. Ақынның ұшқыр ойы, патриоттық сезімі , туған елге жерге, табиғатына деген өлеңдері оқырман қауымды қуантады..
     Жезқазғандық   жас ақын  -  Ернұр Сейдахметтің «Тентек доп» атты өлеңдер мен аудармалары «Алматы» қаласының «Баянжүрек»  баспасынан   2012 жылы шықты. Кітап  суреттелген. Өлеңдерінде сәбилердің мінез-құлқы, тәтті қылықтары жырланған. Кітап  кішкентай бүлдіршіндер мен ата-аналарға арналған.
 Жас ақындар поэзия ғана емес прозаға да бет бұрған.Шамсейітова Айнұр «Тағдыр сыйы» атты кітабының тақырыбы жастар тағдыры, бақытқа қол жеткізудің қиындық жолдары бейнеленген. Тағы басқа Мәдина Омарова «Ана ғұмыр»,( «Жалын » баспасы 2009 -  - 128 бет),  Ержан Тоқтар  «Сүйектегі таңба» (2013  -192 бет)  және  Көкенов Жеңісбек «Жалғыз ағаш» әңгімелері.
   

 Жалпы жас ақындардың шығармаларының тақырыптары ұлттық тәрбие,  салт-дәстүр , жастар тағдыры суреттелсе, кейіпкерлердің қиыншылықты  жеңе  білгендері  қызықтырып оқырман жүрегінен жол табады.
     Сондай-ақ көрмеде жастарға арналған «Үркер», «Тұмар», «Жалын», «Жастар»  журналдар орын алады.
                        Журналдарда  жас ақындардың шығармашылығы жарияланған.