Жыр жауһары жауғанда
(Кітап көрмесіне шолу)
Оқырман қауым !
«Жас
толқын» жобасы
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат Министрлігінің бастамасы
бойынша 2008 жылдан бастап қолға алынды. Мемлекеттік шара талантты жас
ақындарға, ерекше шабыт сыйлап, халқымыздың
игілігі үшін жарқын туындылар жазуға жігерлейді. «Жас толқын» сериясының «Жалын» баспасынан жас
ақындардың кітаптары жарық
көрді.
Жас ақындарды қолдау барысында Қарағандының 80 жылдығына
арналған өлеңдер мен прозалар
жинақталған «Өр үмітті жастар» атты кітап Қарағанды ЖШС «Қарағанды
полиграфиясы» баспасынан басылып шықты.
Осы кітапқа
Жезқазған қаласының да жас 5 талантты оқырмандарының шығармашылық туындылары енді. Олар: Маннап Дархан Нұрланұлы – Жезқазған медициналық
колледждің студенті, Медетова Диана Медетқызы – №8 қазақ гимназиясының
оқушысы, Мұханбетрахым Айдана Еркінқызы
- №8 қазақ гимназиясының оқушысы, Сәбитова Іңкәр Жұмағалиқызы - №8 қазақ
гимназиясының оқушысы, Тұрсынов Бахтияр
Төлеуұлы – Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейінің оқушысы, Серова Александра Витальевна - №26
гимназиясының оқушысы.
Осы кітаптың тұсаукесер іс-шарасының аясында С.Сейфуллин атындағы кітапханада «Жыр жауһары жауғанда...» атты кітап көрмесі
ұйымдыстырылды.
Көрменің мақсаты: Жергілікті және жас ақындардың кітаптарын дер кезінде
оқырман қолына жеткізіп, насихаттау, жастардың поэзияға деген қызығушылығын
арттыру, «Жас толқын» топтамасымен кітапханаға келіп түскен әдебитетермен таныстыру.
Көрме 2 бөлімнен тұрады: 1-ші бөлімде жергілікті Жезқазған ақындарының жыр
жинақтары мен мерзімді басылым беттерінде
жарияланған өлеңдері қойылды.
Олар аға буын ақын - Ғазиз Ештанаевтың «Дүние-дүрмек»,
орта буын ақын - Бағдат Байжантаевтың «Көңілімнің кәусары» және ару қыздарымыздың «Кеңгірдің кербез толқыны» атты жинақтары қойылды.
Олар:. Үміткүл Трайсова, Алмагүл
Үмбетова, Гүлжауһар Әуезова т.б өлеңдері жинақталған.
Көрменің 2-ші
бөліміне « Жас толқын» сериясынан
шыққан кітаптар қойылды.
«Мен
жастарға сенемін» деп арысымыз Мағжан Жұмабаев айтқандай, тәуелсіз
еліміздің жастары осы сөзге лайық болып
келеді.
Назарларыңызға 3 томдық жас толқын, жас ақындар антологиясы. Бұл
жинақтарда жас ақындардың өлеңдері топтастырылған. Жас ақындардың көбісі
Республикалық жыр-мүшәйра жүлдегерлері. Ақындардың жүрегінен жарып шыққан жырларының тақырыбы өмір-қоғам, достық, табиғат, ата-анаға
баланың перзенттік парызы, махаббат.
Ақиық ақын Мұқағали «Поэзия махабатпен басталып, парасатпен аяқталады», дегендей,
ақындардың өлеңдерінде махаббат лирикасы басымдау.
Айдағы періште ,
Мен
саған ғашықпын.
Мұнымды ұғын,
Махаббаттың
ашамын шымылдығын –
Сен болмасаң
сырымды түсінер кім?!
– бұл Жандарбек Жұманның «Өлең
ғұмыр» кітабындағы «Айдағы періште» өлеңінен үзінді.(Алматы,
Жазушы баспасын, 2012 ж) «Жас толқын»
сериясынан жарық көрді. Мақпал Мыса «Мен
керекпін» , Назира Бердалы «Сүйген
жүрек» деген өлеңдері бар. Бұл ақындардың өлеңдері мөп-мөлдір сезімге толы қызығып оқимын
десеңіздер кітапхана қорынан таба аласыздар.
Жас ақындардың ауыл тақырыбына да арнап жазған өлеңдері баршылық.
Осы тақырыпты жырға қосқан жас ақын
Ринат Қайыртайұлының «Алматы» қаласының Жалын баспасынан, 2011 жылы 136 бетпен
жарық көрген – «Біздің ауыл кітабы».
Жинаққа ақынның оқушы, студенттік жылдардағы өлеңдері енгізіліп отыр. Ақынның
ұшқыр ойы, патриоттық сезімі , туған елге жерге, табиғатына деген өлеңдері
оқырман қауымды қуантады..
Жезқазғандық жас
ақын -
Ернұр Сейдахметтің «Тентек доп» атты өлеңдер мен
аудармалары «Алматы» қаласының «Баянжүрек»
баспасынан 2012 жылы шықты. Кітап суреттелген. Өлеңдерінде сәбилердің
мінез-құлқы, тәтті қылықтары жырланған. Кітап кішкентай бүлдіршіндер мен ата-аналарға
арналған.
Жас ақындар поэзия ғана емес прозаға
да бет бұрған.Шамсейітова Айнұр «Тағдыр
сыйы» атты кітабының тақырыбы
жастар тағдыры, бақытқа қол жеткізудің қиындық жолдары бейнеленген. Тағы басқа Мәдина
Омарова «Ана ғұмыр»,( «Жалын »
баспасы 2009 - - 128 бет), Ержан Тоқтар
«Сүйектегі таңба» (2013 -192 бет)
және Көкенов Жеңісбек «Жалғыз ағаш» әңгімелері.
Жалпы жас ақындардың шығармаларының
тақырыптары ұлттық тәрбие, салт-дәстүр ,
жастар тағдыры суреттелсе, кейіпкерлердің қиыншылықты жеңе білгендері
қызықтырып оқырман жүрегінен жол табады.
Сондай-ақ көрмеде жастарға
арналған «Үркер», «Тұмар», «Жалын», «Жастар»
журналдар орын алады.
Журналдарда жас ақындардың шығармашылығы
жарияланған.



С.Сейфуллин кітапханасында өткен «Өр үмітті жастар» атты жинақтың тұсаукесеріне қатыстым. Бұл кітапқа менің баламның өлеңдері кіргізілген. Іс-шара жоғары дәрежеде тартымды өтті. Кітапхана ұжымына осындай жас ақындар кітабының тұсаукесерін өткізгеніне алғысым шексіз. Кітапханашыларға жемісті еңбек тілеймін. Жезқазған жастары биіктен көріне берсін!
ОтветитьУдалить